Батыс Қазақстанда Toyota Prado жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, жанып кетті.

Фото: mgorod_kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында болды.

«Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады ведомстводан.

Осының алдында Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам мерт болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 22 маусым күні таңмен Самара-Шымкент жолында Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болған.

«43 жастағы жүргізуші „Лада Приора“ автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 44 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан „Мазда“ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр дене жарақатын алды. Аталмыш дерек ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына құтқарушылардың да барғанын жеткізді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болған жол-көлік оқиғасы жөнінде 22 маусым күні сағат 07.54-те шақырту түскен.

«Қоскөл ауылынан жедел медициналық жәрдем бригадасы барған. Жол апатынан 4 адам көз жұмса, 1977 және 1952 жылғы әйелдер Сырым аудандық ауруханасына, кейін санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Қалалық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған 72 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр. Нейрохирургия бөлімшесіне орналастырылған 47 жастағы әйелдің жағдайы ауыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-24
Утром-2.17 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью2.49 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.52 м/с
2025-03-25
Утром0.09 ℃
Днем8.76 ℃
Вечером9.7 ℃
Ночью5.6 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.29 м/с