БҚО-да арақ ішкен ауыл әкіміне айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары Тасқала ауданының Мерей ауылдық округінің әкімі Орынбек Насимуллиннің үстінен шағымданған.

фото: narcodetox.ru

Құқық қорғаушы әрі «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Бауыржан Ахметжанға Тасқала ауданы, Мерей ауылдық округінің тұрғындары арызбен жүгінген. Олардың айтуынша, 1 маусымға қараған түні ауыл әкімі Орынбек Насимуллин көшеде мас боп жүрген. Аудан әкімі Талғат Шәкіров пен прокурор бұл фактіні тексеру үшін ауылға келіп жетті.

Орынбек Насимуллинге қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабына сәйкес, «Алкогольдік ішімдіктерді тұтыну немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

«Сондай-ақ біз Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне сауал жолдап, оны тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұрадық. Әкімнің өзі үйде сыра ішкенін айтып, ақталды. Сырттағы шуды естіп, не болып жатқанын білу үшін көшеге шыққан көрінеді», — дейді Бауыржан Ахметжан.

20 маусымда Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушының шешімімен Орынбек Насимуллинге ескерту берілді. Айта кетейік, ол 2022 жылы ең үздік ауыл әкімі болып танылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.46 ℃
Вечером9.99 ℃
Ночью6.75 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром4.1 ℃
Днем9.4 ℃
Вечером10.71 ℃
Ночью8.05 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.36 м/с