БҚО-да мопед мінген жасөспірім мотоциклмен соқтығысып, ауруханада көз жұмды

Alpha Samurai мопедінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, мотоциклмен бетпе-бет түйіскен.

Фото: kazlenta.kz

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында мопед пен мотоцикл соқтығысып, жасөспірім көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 маусым күні сағат 03.30-да аудан орталығы Переметный ауылында болды.

Alpha Samurai мопедінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, мотоциклмен бетпе-бет түйіскен. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, «Москвичи» жанар-жағар май құю стансасы маңынан шақырту түскен.

«2006, 2007 және 2008 жылғы екі жасөспірім түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлерінің қатысуымен олар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Ауыр жағдайда түскен 2006 жылғы жасөспірім 22 маусым күні қайтыс болды. 2007 және 2008 жылғы жасөспірімдерге амбулаториялық ем тағайындалды. 2008 жылғы жасөспірімге ота жасалды, жағдайы орташа ауыр, травматология бөлімшесінде емделуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кету керек, соңғы аптада бұл өлім-жітіммен аяқталған төртінші апат, онда барлығы тоғыз адам қайтыс болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром26.37 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с