Қазақстанда шаруаларға киіктерден келген шығын өтелмейді

Мұның себебі – шаруалардың киіктің таптауынан келген шығынды есептеудің бүгінгі таңда әдістемесі де, реттейтін қағдидаты да жоқ. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің шығынды есептерлік құзыреті жетпейді.

Коллаж: ulysmedia.kz

Шаруалардың шығынын қалай өтейміз

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев киіктердің шаруаларға келтіретін шығыны мәселесін тағы көтерді.

– Біз нақты сұрақтарға нақты жауап беруіміз керек. Елді асырап жүрген шаруалар еш шығынға батпауы тиіс. Киіктен зардап шеккен шаруалардың шығыны өтеле ме? Ақша жоқ болса, айтыңыздар. Қалай шешеміз? – деп сұрады ол.

Жауап

Сұраққа алдымен жауап берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шынымен де, бүгінгі таңда шаруалардың мазалайтын ең үлкен мәселенің бірі осы екенін айтады.

– Әрине мұны толық шешуде бірнеше күрделі мәселе бар. Біріншіден, АШМ-де шаруалардың киіктің таптауынан келген шығынды есептеудің бүгінгі таңда әдістемесі жоқ. Реттейтін қағдидаты да қарастырылмаған. Екіншіден, тиісті әдістемені әзірлеуге біздің министрлкітің құзыреті жоқ. Шығындарды, залалдарды мүмкіндік жоқ екенін ескертеміз, – дейді ол.

Соған қарамастан вице-премьер Серік Жұманғариннің тапсырмасына сәйкес, шаруалардың жер алқаптарының таптауына келтірілген шығындарды өтеудің сақтандыру тетіктерін әзірленіп жатыр.

– Салалық сарапшыларға тиісті тапсырма берілді. Сақтандыру тетіктерін әзірлейміз. Соның қорытындысы бойынша тиісті шаруалардың өз алқаптарын сақтандыруға мүмкіндіктері болады, – деді Кенжеханұлы.

Қаржы министрлігінің позициясы

Ал Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті бюджетті тапсырыс келген жоқтығын айтады. Тиісті өзгерістер заңға енгізілген жағдайда олар шаруалардың шығынын өтеу мәселесін қарастыруға дайын.

Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-10
Утром9.48 ℃
Днем17.99 ℃
Вечером16.34 ℃
Ночью14.26 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.79 м/с
2026-10-11
Утром12.39 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером14.13 ℃
Ночью10.2 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.68 м/с