Оралда өртеніп жатқан жатақхана бөлмесінде қалып кеткен қыз құтқарылды
Өрт сөндірушілер кіреберіс есікті ашып, 2009 жылы туылған қыз баланы құтқарып, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

26 маусымда Орал қаласындағы жатақханалардың бірінде өрт болды. Екі шаршы метрді қамтыған қызыл жалын үй заттары мен қоқысты шарпыған.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар оқиға орнына келген соң өртеніп жатқан бөлмеде бір адамның барын анықтады.
«Өрт сөндірушілер кіреберіс есікті ашып, 2009 жылы туылған қыз баланы құтқарып, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 17 минуттың ішінде өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Оралдық құтқарушылар өрттен 3 адамды құтқарып, 4 адамды эвакуациялады.

26 күні кеште Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 6 қабатында орналасқан пәтерде 22 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздың жануы орын алды.
Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 3 тұрғынды құтқарып, 4 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 28 минут ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
