Алаяқтар: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады

Қаскөйлер Instagram әлеуметтік желісінде national_bank_kazakhstan деген жалған парақша ашқан.

Әлеуметтік желіден

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың көбейіп жатқанын ескертеді.

Осы секілді фейк-парақшаларды ашу арқылы алаяқтар фишингтік хаттар жіберуден бастап азаматтардың жеке деректерін немесе қаражаттарын жымқыруды көздейтін түрлі жымысқы әрекеттерге барады. Ұлттық Банктің доменіне ұқсас атауларды қолдана отырып қаскөйлер фишингтік хаттарды жіберу үшін реттеушінің атынан жалған пошта ашады. Ондай хаттарда, әдетте, жалған сайтқа сілтеме беріледі немесе төлем жасауға арналған өтініштер мен танысуға шұғыл құжаттар болады. Сілтемеге басқан жағдайда пайдаланушының мобильді құрылғысын қашықтан басқаруға негізделген алаяқтардың зиянды бағдарламасы қондырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі реттеушінің Instagram-дағы жалғыз ресми аккаунты – https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan екенін еске салады.

Алаяқтардың қақпанына түсіп қалмау үшін Ұлттық Банк күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейді.

Егер алаяқтардың арбауына тап болсаңыз, Ұлттық банк арыз жазу арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді..

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына да хабарласуға болады.

Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.09 ℃
Вечером11.87 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с