Жазғы демалыс кезінде мұғалімдерге МӘМС жарналары қалай төленеді

Мұғалімдер жазда 56 күндік еңбек демалысына шығады.

Ашық дереккөзден

Жазғы уақытта мұғалімдердің ұзақ уақыт (бір айдан артық) еңбек демалысына шығатынына байланысты «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өңірлерде жұмыс берушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын немесе жарналарын есептеуді және аударуды ай сайын жұмыс беруші жүргізеді.

Сәйкесінше, заң бойынша, жұмыс берушілер ай сайын жалақының 3 пайызы, қызметкерлердің айлығынан – 2 пайыз мөлшерде МӘМС жүйесіне төлем жасауы керек.
Егер демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтыса, төлемдер МӘМС-ке әр айға бөлек-бөлек бөліп төленеді.

«Мысалы, мұғалімнің еңбек демалысы 2024 жылғы 25 маусым мен 18 тамыз аралығында (56 күнтізбелік күн) кезеңге келеді. Бұл жағдайда МӘМС-ке төлемдерді аудару маусым айында (демалыс төлемдерін төлеу кезінде) маусым, шілде, тамызға бөлінген үш жол бойынша бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылуға тиіс. Әр ай үшін сома тиісті демалыс күндеріне сәйкес, маусымда 7 күнге, шілдеде 31 күнге және тамызда 18 күнге есептеледі», – деп түсіндірді ӘМСҚ Маңғыстау облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлан Қыдырбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.99 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с