Қазақстан мен Ресей шекарасында 200 жүк көлігі тұрып қалды
Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан мен Ресей шекарасында шамамен 200 жүк көлігі тұрып қалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«6 шілдеден бастап «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде (Батыс Қазақстан облысы) Ресей Федерациясы бағытында шамамен 200 жүк көлігі тұрып қалды», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткеніндей, Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес Ресейдің шекара қызметі „Маштаков“ өткізу бекетінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді. Қазақстандық тарап жағдайды реттеу үшін ресейліктермен жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады ведомстводан.
Қазақстан тарапы жағдайды реттеу үшін көршілес елмен жұмыс жүргізіп жатыр.
«ЕАЭО елдерімен шекарада мемлекеттік кіріс органдары тек тасымалданатын жүктерді бақылауды (5-7 минут ішінде) жүзеге асырады, бұл шекараны кесіп өтуге қиындық тудырмайды және көліктердің жиналуына әкелмейді», – деп қосты МКК.