Оралдың ойын-сауық мекемелерін полиция қызметкерлері тексерді: әскерге шақырылушылар ұсталды

БҚО-да ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, прокуратура, бірқатар полиция қызметтері және басқа да ведомстволардың қызметкерлері Оралдағы 11 ойын-сауық орындарында жедел-алдын алу шараларын өткізді, деп хабарлайды ҚР ІІМ.

Фото: БҚО ПД

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласы прокуратурасының, сондай-ақ бірқатар полиция қызметтері мен басқа да ведомстволардың қызметкерлерімен бірлесіп қаланың 11 ойын-сауық орнына жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Көңіл көтеру орындарын тексеру барысында тиісті құжаттарсыз жүрген 26 күзетшінің заңсыз қызметі анықталды. Күзет бекеттерін тексеру кезінде қолдан жасалған таяқтар, жиналмалы қалта пышағы, Таран екі резеңке таяқ табылып, тәркіленді. Барлық күзетшіге қатысты тиісті шаралар қабылдау мақсатында МКД-ға бастапқы материал жинақталды.

Сонымен қатар мекемелердің бірін тексеру кезінде қызметтік иттердің көмегімен сары түсті ұнтақ заты бар “ЗИП” пакет табылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес тергеу басталды.

Қоғамдық орында кальян қызметін көрсетіп, пайдаланғаны үшін мекемеге келушілер мен әкімгерлерге қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Ойын-сауық орындарында болған 9 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды, олардың екеуі даяшы және бармен ретінде жұмыс істеген. Жасөспірімдердің ата-аналары мен мекеменің әкімгерлеріне қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ тексеру барысында Орал қаласының пробация қызметінде есепте тұрғандардың 2-еуі келуші ретінде болса, ал екеуі тәуліктің түнгі уақытында бұл мекемелерде бармен және даяшы болып заңсыз жұмыс істеген.

Сонымен қатар әскери қызметке шақырылушылар тізіміндегі адамдардың екеуі анықталып, БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жеткізілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.04 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с