Ресейдің Киевтегі балалар ауруханасына шабуылынан соң Украина аза тұтып жатыр

8 шілдеде Ресей әскері Украинаға әртүрлі 40-қа жуық зымыран атып, Киев, Днепр, Кривой Рог, Покровск, Славянск және Краматорск қаласына шабуыл жасаған. Зымыран Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасына да түскен еді.

Фото: Reuters

Киевтегі балалар ауруханасының ракетадан бүлінген бөлігін құтқарушылар үйінді астынан баланың мәйітін алып шықты.

Дүйсенбі, 8 шілдеде Ресей әскері Украинаға әртүрлі 40-қа жуық зымыран атып, Киев, Днепр, Кривой Рог, Покровск, Славянск және Краматорск қаласына шабуыл жасаған. Зымыран Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасына да түскен еді. Украина билігі шабуылдан елде 43 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Опат болғандардың 32-сі Киев қаласында. Кривой Рог та он адам, Донецк облысында да бір адам қаза тапты. Бұл құрбандар саны бойынша 2024 жылғы ең қанды шабуыл болды.

Бұл апатқа байланысты бүгін, 9 шілдеде Украинада қаралы күн. АҚШ президенті Джо Байден бұл шабуылды «Ресейдің жауыздығын тағы бір еске салған оқиға» деп атады.

9 шілдеде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ауруханаға Украина әуе қорғанысының ракетасы дейді. Ресей қорғаныс министрлігі де осылай мәлімдеді, бірақ оған ешқандай дәлел келтірмеді. Украинаның қауіпсіздік қызметі ауруханаға Ресейдің қанатты ракетасы түскенін хабарлады.

Ресейдің шабуылына ұшыраған ауруханада ауыр дертке шалдыққан балалар емделіп жатқан. 8 шілде 2024 жыл.
Ресейдің шабуылына ұшыраған ауруханада ауыр дертке шалдыққан балалар емделіп жатқан. 8 шілде 2024 жыл.

Украиналық әскери сарапшы Александр Мусиенко «Настоящее время» телеарнасында 9 шілдеде «Ресей Ч-101 қанатты зымыранымен балалар ауруханасын әдейі атқанына» «жеткілікті дәлел бар» деп мәлімдеді.

«Ресей ракетамен жаппай шабуыл жасаудың алдында бір-бір жарым ай үзіліс алып, ракеталарының қорын жинап, шабуылдайтынын көріп отырмыз. Ресей тарабы ракетамен нысанаға тигенін дрон видеоға түсіріп, оны кейін пропагандаға пайдаланады. Тапа-тал түсте Киевтің көп тұрғыны жұмыста, түрлі қоғамдық орындарда жүреді, бұл — оларға қосымша психологиялық қысым» дейді ол.

Шабуылдан соң Зеленский Ресейге жауап болатынын айтқан еді. 9 шілде түнде Ресейдің бірнеше аймағына дрон шабуылы жасалып, Белгород облысында төрт адам қаза тапқаны, 20 адам жараланғаны хабарланды.

Ашық дереккөзден

9 шілдеде Ресей қорғаныс министрлігі Ростов облысы аумағында бір түнде 21 дрон, Астрахан облысында – 5, Курск облысында – 7, Белгородта – 3 және Воронеж облысында 2 дронды (барлығы 38) қағып түсіргенін хабарлады. Ресейлік басылымдар дрон шабуылына байланысты Астрахан мен Волгоградта ұшақтардың ұшуына шектеу қойылғанын жазды.

Белгород облысының билігі шабуылдан аймақта жарық сөніп, 60 үй мен 160 көпқабатты үй бүлінгенін айтты. Волгоградта дрон шабуылынан мұнай базасы мен қосалқы станция өртенгені хабарланды.

Ресейдің Украинаға ракеталық шабуылын Батыс елдері жаппай айыптады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 9 шілдеде Ресейдің Киевтегі балалар ауруханасына жасаған соққысының салдарын талқылайды.

БҰҰ адам құқығы бойынша миссиясы «Киевтегі шабуылды бағамдай келе балалар ауруханасы тікелей нысанаға алынғанын аңғаруға болады» деп мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Джо Байден Х желісінде «Дәл осы сәтте әлем Украинаны қолдағаны және Ресейдің агрессиясына көз жұмбауы тиіс» деп жазды.

Киевте Ресей шабуылынан қираған үйлердің бірі. 8 шілде 2024 жыл.
Киевте Ресей шабуылынан қираған үйлердің бірі. 8 шілде 2024 жыл.

Байден осы аптада өтетін НАТО саммиті кезінде Зеленскиймен кездесетінін айтып, «Украинаға қолдау үзілмейтінін» мәлімдеді.

Көптеген дәлелдерге қарамастан Мәскеу тұрғын үйлерді, мектептерді, ауруханаларды және басқа да азаматтық нысандарды атқылағанын жоққа шығарады. Мәселен, 8 шілдеде Ресей қорғаныс министрлігі «Украинаның әскери нысандары мен әскери базаларын» ракетамен атқылағанын, «нысаналарға соққы дәл тигенін» алға тартты.

Америкалық Соғысты зерттеу институты (ISW) Мәскеудің мәлімдемесін жоққа шығарып, «видеодан бір ракета тік ұшып, төмен траекториямен ауруханаға тигені анық көрінеді» деді.

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official/11061

Азаттық радиосы

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.99 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с