БҚО-да алимент төлемеген борышкерлердің екі мыңнан астам банктік шоттары бұғатталды
Тағы 93 борышкерге іздестірілу жарияланды.
БҚО Әділет департаменті 15 625 баланы асырап-бағуға алимент бойынша 10 807 іс қаралғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, тек соңғы алты айда 1 416 іс аяқталды:
6 мыңнан астам борышкер жұмыс істейді және жалақыдан алимент төлейді;
141 борышкер жұмысқа орналастырылды;
201 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
полицияға қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 105 ұсыныс жіберілді;
7 көлік тәркіленді;
8 мүлік нысаны өндіріп алушыға берілді;
100 жүргізуші куәлігі тоқтатылды;
301 борышкер үшін елден шығуға уақытша шектеу қойылды;
медиация тәртібімен дауды реттеу туралы 50 келісім жасасты;
93 борышкер іздестірілді;
букмекерлік кеңселерде ставка жасаған 14 борышкер анықталды;
2 мыңнан астам банктік шот қамауға алынды.
Сондай ақ Әділет департаментінде борышкердің жалақысы мен өзге де табысынан алимент мөлшері туралы еске салынды:
бір балаға-25%;
екі балаға-33%;
үш және одан да көп балаға 50%
Жұмыс істемейтін борышкерлер борышының сомасы орташа айлық жалақыны негізге ала отырып есептеледі (2024 жылғы 1 тоқсанда-1 балаға 95 569,75 теңге).
Мүгедектігі бар борышкерлер алимент төлейді: жалақыдан, кірістерден немесе жәрдемақылардан және әлеуметтік төлемдерден.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО алимент бойынша борышкерлер букмекерлік ойынға 30 млн теңге салып жіберген
БҚО-да алименттен жалтарған 14 әкеге қатысты тергеу басталды