Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны салдарынан өсімдік шаруашылығына келтірілген шығын есептелді.
«ОА» мұрағатынан
БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Зұлқашевтің мәлім еткеніндей, комиссиялардың қорытындысына сәйкес жалпы залал көлемі 261 млн 566,443 мың теңге болды.
Соның ішінде Сергей Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық тәлімбақта 4,5 гектар аумақты су басу салдарынан 104,4 млн астам теңге залал келтірілген.
Бұдан басқа күздік бидай, жеміс-жидек, құлпынай, таңқурай, сарымсақ, қияр егілген алқаптарға келген зиян да есептелді.
«Осылайша, төтенше жағдайға байланысты өсімдік шаруашылығына келген шығын көлемі есептеліп, облыстық қаржы басқармасына тапсырылды. Қаржы жергілікті бюджеттен төленеді», деді Р.Зұлқашев.
Сергей Исаев атындағы тәлімбақтың иесі, белгілі бағбан Қайрат Кәрімовтің айтуынша, келтірілген шығын қатардағы бақ ретінде есептелген.
«Қазақстандағы бірегей бақ болғандықтан, шығынды есептеген кезде оның тектік (генетикалық) ерекшелігін ескерсе деп едім. Дегенмен осы қаржыға жұмыстанамыз. Қазақстан мен Ресейдің белгілі ғалымдары біздің тәлімбақты сақтап қалу жөнінде Президент пен Премьер-Министрдің атына хат жазды. Оның да нәтижесін күтеміз», деді Қ.Кәрімов.
Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.
Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.
Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!
Это просто сделать.
Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61