Елімізде ауылдық елдімекендердің потенциалын айқындаушы өлшемшарттар белгіленді
Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елдімекендердің әлеуетін анықтауға арналған өлшемшарттарды әзірледі.
Ауыл болашағының басты критерийлерінің бірі оның демографиялық жағдайы болып табылады: тұрғындар саны және жастардың үлесі (кемінде 30%).
Мәселен, халқы орташа қоныстанған ауылға орташа есеппен 2800 адамы (+-), ал халқы тығыз қоныстанған ауылға 7600 адамы ( + – ) бар елдімекен жатқызылды. Сондай-ақ, ауылдың келешегіне көші-қон процестері (көші-қон, халық ағыны) әсер етеді.
Бұдан бөлек, преспиктивасы бар елдімекендердің өлшемдеріне мыналар жатады:
- Инфрақұрылымдық блок: орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі бар; жергілікті, облыстық және республикалық автожолдардың болуы; балабақшалар мен мектептер; медициналық мекемелер, интернет және мобильді байланыстың болуы.
- Экономикалық блок: жұмыспен қамту деңгейі; жалпы қосылған құн.
- Геокеңістіктік блок: туристік және экологиялық аймақтар; шекара маңындағы ауылдық елдімекендер.
ҰЭМ түсіндіріп өткендей, бұл құжат олардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін есептеуге жататын ауылдық елдімекендерді анықтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру үшін негіз болады.
Бұйрықтың жобасы 23 шілдеге дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.