Колумбияда суға батқан қайықта Қазақстан азаматтары болған – БАҚ

Сейсенбіде Кариб теңізінің жағалауында қайық суға батты, бортында 20 мигрант болған. Оның ішінде қазақстандықтар да бар, екеуі — кәмелет жасына толмағандар. Кем дегенде бір адам қаза тауып, төртеуі жоғалып кеткен.

Иллюстрациялық фото: freepik

Бұқаралық ақпарат құралдары Колумбия жағалауында батып кеткен қайықта Қазақстан азаматтары болғанын жазып жатыр. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растаған жоқ.

Barron’s басылымының ақпаратына сүйенсек, 9 шілдеде Кариб теңізінде 20 мигрант отырған қайық суға батқан. Бір адам қайтыс болып, төртеуі іс-түссіз жоғалып, 15 адам құтқарылды. Құтқарылғандар қатарында 6 бала бар.

Басылымның жазуынша, қайықта отырғандар қатарында Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Қазақстан және Венесуэла азаматтары бар. Құтқарылған екі бала — Қазақстаннан, үшеуі — Венесуэладан.

«Курсив» редакциясы толыққанда мәлімет алу үшін Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне жүгінді.

«Бұл туралы ресми жауап жоқ», – деді Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Айбек Смадияров.

Апат Колумбиямен Никарагуаның шекарасында, Сан-Андрес пен Провиденсия аралдарының жанында болған. Әр елден жиналған мигранттар Панама мен Мексика арқылы АҚШ-қа заңсыз өтіп кетуге тырысқан. Құтқарушылар жоғалған адамдарды тікұшақпен іздестіріп жатыр.

21 маусымда кешке Грекияның Идра аралында 13 турист жалдамалы яхтада отшашу атқан. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған. Туристер өртті сөндіруге тырысып, кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен. Арал мэрі Джоргос Кукулакис оларды сотқа беретінін айтты. Полиция туристерді ұстап, кейін грекиялық БАҚ олардың Қазақстанға қатысы бар азаматтар екенін жазған. 

Курсив

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-09
Утром-23.21 ℃
Днем-19.98 ℃
Вечером-20.11 ℃
Ночью-25.23 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.43 м/с
2026-03-10
Утром-28.66 ℃
Днем-15.55 ℃
Вечером-10.56 ℃
Ночью-7.62 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра7.3 м/с