Грант конкурсына құжат тапсырғанда нені білу керек

Су тасқынынан зардап шеккен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлеріне құжат тапсыруға қосымша төрт күн беріліп отыр.

Елімізде ҰБТ-ның нәтижесі бойынша грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды. Талапкерлер 20 шілдеге дейін жоғары оқу орнын таңдап, құжат өткізуі керек. Ал су тасқынынан зардап шеккен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлеріне қосымша төрт күн беріліп отыр. Sputnik Қазақстан грант конкурсына қатысты маңызды ақпаратты ұсынады.

Квотаны ескеру керек

Бүгінде заң бойынша гранттардың нақты бір бөлігі квотамен әлеуметтік жағынан осал топтар мен қандастар арасында таратылады. Олар:

I және II топ мүгедектігі бар адамдар – 1%;

ауыл мектебін бітіргендер – 35%;

қандастар – 4%;

жетім балалар және кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылған жастар – 1%;

өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары («Серпін» бағдарламасы) – 5%;

көпбалалы отбасыдан шыққан балалар – 5%;

толық емес отбасылардың балалары – 1%;

басқа мемлекеттердің аумағында болған ұрыс қимылдарының ардагерлері және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – 0,5%.

Квотаны қалай есептеу керек

Квота дегеніміз, бөлінген жалпы гранттардың пайыздық үлесі. Мысалы, биыл «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлініп отыр. Демек, соның ішінде 137 грант немесе 1 проценті жетім балаларға, 549 грант немесе 4 проценті қандастарға, 687 грант немесе 5 проценті көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арналған.

Сол сияқты жалпы мамандыққа бөлінген гранттардың 35% проценті ауыл квотасымен беріледі. Оны да ұпай санымен ауылдың түлектері арасында таратады.

Сосын ауыл квотасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар – педагогика, IT, ауыл шаруашылық, ветеринария, медициналық және тағы басқа бағыттар бойынша беріледі.

Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Ауылдық жерде мектепті бітірген талапкер туралы ақпарат базада болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром26.54 ℃
Днем33.55 ℃
Вечером35.32 ℃
Ночью23.97 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.84 м/с
2025-07-12
Утром23.87 ℃
Днем33.17 ℃
Вечером33.84 ℃
Ночью25.85 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.38 м/с