БҚО-да 4807 жұмысшының құқығы қорғалды

БҚО кәсіпорнының жұмысшыларына 495 миллион теңге қарыз болған.

Ашық дереккөзден

БҚО еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Арман Түйгінбетов жұмыс берушінің кінәсінен қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты жалақы мен өзге де төлемдерді кешіктірген кезде жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімпұл төлейтінін айтты.

— Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау күніне ҚР ҰБ қайта қаржыландыру ставкасы негізінде есептеледі және төлемдер жүргізілуі тиіс келесі күннен бастап әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады, — деп түсіндірді ол.

Түйгінбетов жұмыс берушінің жалақысын толық көлемде және белгіленген мерзімде төлемеуі, сондай-ақ кешіктіргені үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтті.

– Олардың мөлшері лауазымды тұлғалар үшін 30 АЕК-тен және ірі бизнес субъектілері үшін 150 АЕК-ке дейін. Бұл ретте, егер жыл ішінде мұндай бұзушылық қайталанса, мұнда оларды бұзғаны үшін санкциялар ұлғайтылып, 60 — тан 200 АЕК-ке дейін болады, – дейді Арман Түйгінбетов.

Спикердің айтуынша, жалақы төлеуді бірнеше рет кешіктіргені үшін жұмыс берушінің қылмыстық жауапкершілігі қарастырылған.

— Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен айналысу не қоғамдық жұмыстарға 200 сағатқа дейінгі мерзімге тарту не 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу арқылы жүзеге асырылады, – деді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы.

Арман Түйгінбетов биыл прокуратура, Мемлекеттік кірістер, еңбек инспекциясы органдарының, жеке сот орындаушылар палатасының бірлескен күш-жігерімен 33 кәсіпорында 495 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілгенін атап өтті. Олар 4807 жұмысшының құқығын қорғай алды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром20.99 ℃
Днем30.11 ℃
Вечером29.92 ℃
Ночью23.97 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.01 м/с
2025-07-14
Утром19.72 ℃
Днем25.61 ℃
Вечером28.33 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.87 м/с