Бес өңірде жолдарды жөндеу жұмыстарының сметасында 4,8 млрд теңге артық асыра көрсетілген

Еліміздің бес өңірінде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды.

«ОА» фотоқорынан

Бұл туралы 2024 жылы 12 шілдеде жартыжылдық кеңейтілген алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асқат Жұмағали айтты. Ол жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сырттай талдау басталғанын атап өтті.

«Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады. Жұмыстың екінші бағыты жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізу. Бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды», – деді Асқат Жұмағали.

Агенттіктің ерекше бақылауымен 12 ауқымды жоба бар.

«Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілді. Барлық өңірлерде қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кіретін мониторингтік топтар құрылды. Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталуда. Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді. Сондай-ақ, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеде 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілуде», – деді ведомство басшысы.

Бұл арада жұмысты толық көлемде орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылған.

Антикордың баспасөз қызметі Көлік министрлігінің Жол активтерінің сапасы орталығының жұмысына ерекше назар аударылатынын хабарлады. Тек 4 өңірде ғана аталған орталықпен 526 бұзушылық анықталды, олар кейіннен жойылмады.

Талдау қорытындылары туралы Президент пен жұртшылық хабардар етіледі. 

Zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-22
Утром11.18 ℃
Днем18.32 ℃
Вечером20.06 ℃
Ночью15.29 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.04 м/с
2025-05-23
Утром12.17 ℃
Днем19.01 ℃
Вечером19.33 ℃
Ночью13.61 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.68 м/с