Дональд Трампқа қастандық жасалды

АҚШ-тың экс-президентіне оқ атқан күдікті өнеркәсіптік нысанның шатырында жасырынған.

Ашық дереккөзден

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлау науқаны аясында Пенсильванияда сөйлеген сөзінде оған оқ атылып, саясаткер құлағы қанаған күйі сахнадан кетуге мсәжбүр болды, деп хабарлады РИА Новости.

«АҚШ-тың бұрынғы президентінің Батлер қаласындағы өз жоқтастары алдында сөйлеген сөзі небәрі бірнеше минутқа созылды. Саясаткер заңсыз көші-қон проблемалары туралы айтқан кезде күтпеген жерден сөзін үзіп, үнсіз қалды. Кенеттен атыс естіліп, Трамп құлағын қолымен басқан күйі мінбер артына отыра кетті», – деп жазылған материалда.

Бірнеше минуттан кейін оққағарлары Трампты қоршаған күйі оны іс-шара аумағынан алып кетті. Куәгерлер экс-президенттің құлақ тұсы қан екенін байқаған.

Кейіннен Дональд Трамп құлағынан жараланып, көп қан жоғалтқаны және Пенсильвания штатындағы ауруханалардың бірінде ем алғаны белгілі болды. Трамп қазір ауруханадан шығарылып, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

New York Post басылымы жазғандай, митинг кезінде оқ атқан 20 жастағы Томас Мэтью Крукс екені анықталды. Ол сахнадан 100 метрдей жерде орналасқан кәсіпорынның төбесінде жасырынып, жоспарын іске асырған.

Осы оқиғаға қатысты әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлер пікір білдіріп, мұндай қастандықты қатаң сынға алатындарын жеткізді.

Пенсильванияда АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандық кезінде екі адам қаза тапты. Олар трибунадағы көрермендердің бірі және шабуылшының өзі. Қаскөйді Трампты күзетіп тұрған Құпия қызмет офицерлері атып өлтірді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-27
Утром13.66 ℃
Днем20.44 ℃
Вечером8.98 ℃
Ночью7.61 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра7.45 м/с
2025-04-28
Утром2.91 ℃
Днем6.92 ℃
Вечером6.56 ℃
Ночью3.28 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.66 м/с