Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің жаңа бағдарламасы әзірленді

«Балақайлар мектебі» бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді. «Балақайлар мектебі» бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.

«Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында мектептерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бағдарлама бойынша оқыту 1 айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді», — дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Айта кету керек, қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетеді, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-14
Утром-1.48 ℃
Днем1.23 ℃
Вечером0.99 ℃
Ночью-0.96 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.14 м/с
2026-03-15
Утром-4.83 ℃
Днем1.2 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-2.44 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра3.73 м/с