БҚО жүргізушілерін тағы 17 «Кибер-Шериф» жүйесі бақылайды
Енді мобильді кешендер тек трассаларда ғана емес, Орал мен Ақсайда да бұзушылықтарды анықтайтын болады.

Өткен жылдың 13 желтоқсанынан бастап БҚО-да KIA CERATO жаңа патрульдік автомобильдеріне біріктірілген үш «Кибер Шериф» жүйесі іске қосылды. Полиция көліктерінің бұл жаңа буыны жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және бұзушылықтарды анықтау үшін пайдаланылатын болады.
Жаңа патрульдік машиналар қозғалыс жылдамдығын бақылауға және құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік беретін технологиялармен жабдықталған.
– Өз кезегінде БҚО полиция департаменті облыс әкімінің қолдауымен адами факторды және тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жоятын жол қозғалысын бақылаудың автоматты жүйелерін кеңейту бойынша кезекті қадам жасауда. Бүгінгі таңда облыс жолдарында жауынгерлік жұмыс режиміне тағы 17 заманауи «Кибер-Шериф»мобильді кешені енгізілді. Жүйе жылдамдықтың артуын, басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралдарын, жалған нөмірлерді, қамауға алынуға және ұсталуға жататын көлік құралдарын автоматты режимде анықтау мүмкіндігімен жабдықталған, – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Александр Плешаков.
Енді «Кибер-Шерифтер» тәулік бойы қала сыртындағы жолдарды ғана емес, Орал мен Ақсай көшелерін де бақылайтын болады.
Полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау керектігін ескертеді.