«Батысты UTC+4-ке»: Ғалымдар Қазақстанның бірнеше өңірінде уақыт белдеуін ауыстыруды ұсынды

Қазір Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары UTC+5 уақыт белдеуінде.

Хронобиология бойынша маман, уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Болат Нұрхожаев ел үкіметіне батыс өңірлерді UTC+4 белдеуіне ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Маман бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы өтінішті қарастыратын жұмыс тобының екінші отырысында Халықаралық табиғи уақыт альянсының (IANT) үндеуін оқыды.

Өтініште ұйым мен оның мүшелері үкіметтің шығыс облыстарды UTC+5 уақытына қайтару туралы шешімін қолдайтыны айтылған. Бұрын бұл аймақтар UTC+6 уақыт белдеуінде болған еді.

«Екібастұз және Балқаш қалаларында UTC+5 белдеуінде сағат 12:00-де меридианда түс уақыты дәл келеді. Сол себепті UTC+5  шығыс облыстарына сәйкес келеді. Бұл – осы өңірдегі халық үшін ең дұрыс таңдау. Біз сондай-ақ үкіметке батыс аймақтарды UTC+4 стандартты уақытына қайтаруды ұсынамыз», – делінген хабарламада.

Қазір Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары UTC+5 уақыт белдеуінде.

«Кейінгі жылдардағы көптеген зерттеулер көрсеткендей, ұзақ жылдан бері қолданылып келе жатқан тұрақты «жазғы» уақыттың (pdst, декреттік уақыт) және (SJL, десинхроноз) ұзақ мерзімді жағымсыз әсерлері бар. Бұл күйзеліс, қатерлі ісік, қант диабеті, семіздік қаупін едәуір арттырады. Жүрек-қан тамырлары аурулары, жол көлік оқиғасы мен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тудырады. Уақыт белдеулерінде SJL факторын болдырмау адамның денсаулығын, қауіпсіздігін, білімін, еңбекке қабілетін, экономикасын, қоршаған ортасын және тең құқығын жақсарту үшін маңызды», – делінген альянс үндеуінде.

Альянс ғалымдары UTC+5 тұрақты стандартын Шығыс Қазақстанға, ал тұрақты UTC+4 уақытын Батыс Қазақстанға қолдану керек екенін жеткізді.

Апелляцияға профессор, доктор Тилл Роеннеберг, профессор, доктор Катя Рейс, профессор, доктор Эрик Герцог Сент-Луис қол қойды.

Еске салсақ, елімізде бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция 50 мың қол жинаған еді. Кейін министр петиция бойынша шешім қашан шығатынын айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Уақыт белдеуінің өзгеруі: көлік министрлігі рейстер кестесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

 Қазақстанда уақыт белдеуі өзгере ме

БҚО-да қоғамдық кеңес жергілікті уақытты бір сағатқа ауыстыру туралы ұсынысты қолдады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром16.55 ℃
Днем21.3 ℃
Вечером22.45 ℃
Ночью17.99 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.46 м/с
2025-06-25
Утром15.26 ℃
Днем26.04 ℃
Вечером25.91 ℃
Ночью20.07 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.82 м/с