Батыс Қазақстан облысында 9 бала терезеден құлап кеткен

Терезелерге блокаторлар мен құлыптар қою керек. Москит торы құлаудан қорғауға арналмаған.

Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Динара Нұрсұлтанова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде биыл өңірде 1-6 жас аралығындағы 9 бала (өткен жылы – 7) терезеден құласа, соның сегізі Орал қаласында, біреуі Сырым ауданында тіркелгендігін атап өтті. Салдарынан бір бала көз жұмды.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай оқиғалар балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыруы және ересектердің немқұрайлылығы мен жауапсыздығынан орын алып отыр.

Жазғы маусым басталғаннан бері уәкілетті органдар түсіндіру жұмыстарын, рейдтік іс-шараларды жүргізіп, брошюралар мен қауіпсіздік жадыманаларын таратты. Төтенше жағдай органдары 20 көп балалы отбасының үйіне терезе блокаторын орнатты. Осы орайда айтарымыз, ата-аналар кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауы, олардың терезе жанында орналасқан жиһазда ойнауына жол бермеуі қажет. Терезелерге блокаторлар мен құлыптар қою керек. Москит торы құлаудан қорғауға арналмаған. Сондықтан, оған сенуге болмайды, – дейді Д.Нұрсұлтанова.

Аға көмекшінің айтуынша, биыл сондай-ақ, 7 адам (өткен жылы – 16) суға батып кетсе, соның бесеуі – жасөспірімдер. Облыстағы су дайындарында уәкілетті органдар рұқсат берген 9 көпшілік демалыс орны (Оралда – 6, Бәйтерек ауданында – 2, Бөрліде – 1) бар.

Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Ата-аналарды балаларын көзден таса қалдырмай, шомылуға болмайтын жерлерге баруға рұқсат бермеуге шақырамыз. Бір ғана мысал, жуырда, 11 шілде күні Ақжайық ауданы Мерген ауылында суға түсуге тыйым салынған жерден үш қыздың мәйіті шығарылды. Олардың барлығы – 8-сынып оқушылары. Екеуі – 13-те, біреуі 12 жаста. Қыздар ата-анасының рұқсатымен суға түскен. Мұндайға мүлдем жол берілмеуі тиіс, – деді Динара Есболатқызы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.77 ℃
Днем24.24 ℃
Вечером23.28 ℃
Ночью18.14 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.35 м/с
2025-04-20
Утром14.35 ℃
Днем24.82 ℃
Вечером24.35 ℃
Ночью18.88 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра5.92 м/с