Қарағанды зауытында зардап шеккен 6 адамның жағдайы ауыр

Қарағанды ферроқорытпа зауытында болған төтенше жағдай салдарынан сегіз адам зардап шеккен болатын.

фото: kazchrome.com

Бүгін YDD Corporation зауытта зардап шеккендер неліктен ауруханаға қызметтік көлікпен жеткізілгені туралы мәлімдеме жасады.

«Зауыттың алыста орналасуына және шұғыл көмекті барынша тез көрсету қажеттілігіне байланысты алғашқы көмекті көрсетіп, зардап шеккендерді зауыттың кезекші көлігімен ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылданды. Кезекші көлік зардап шеккендерді Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізді», – деді корпорацияның баспасөз қызметі.

Жұмысшыларға барлық қажетті алғашқы шұғыл және амбулаториялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, компания қажетті медициналық көмекті көрсету үшін Ресейден ең жақсы дәрігерлер тобының қысқа мерзімде келуін ұйымдастырды. Бұған қоса, қазіргі уақытта Түркиядан дәрігерлердің келуі күтілуде, – деп толықтырды YDD Corporation.

Сондай-ақ, компания зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсететінін және аурухананың медициналық қызметкерлерімен және зардап шеккендердің туыстарымен үнемі байланыста екенін мәлімдеді.

Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен сегіз қызметкеріне медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық пациент профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада ем алуда.

Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша, қосымша медициналық көмек көрсету үшін Астанадағы академик Н.Д.Бәтпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарысов бастаған қызметкерлер Қарағандыға арнайы келді.

Медициналық топтың құрамына тәжірибелі комбустиолог-реаниматологтар кірді. Елордалық мамандар жергілікті дәрігерлер алғашқы кезде барлық қажетті медициналық көмекті көрсеткенін атап өтті, – деп қосты ведомство.

Зардап шеккен алты адамның жағдайы өте ауыр болып қалып отыр. Тағы екі науқас интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін күрес жалғасуда. Ем алушыларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілмек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-12.87 ℃
Днем-9.13 ℃
Вечером-11.4 ℃
Ночью-10.02 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-11.88 ℃
Днем-8.96 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-9.17 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.82 м/с