БҚО-да алименттен қашқан әке 1 жылға сотталды
Оның алимент бойынша оның берешегі 5 млн 97,236 мың теңге болған.

БҚО сотынан түскен мәліметке қарағанда, сот бұйрығымен С-дан кәмелетке толмаған үш баланы асырап-бағу үшін олар кәмелетке толғанға дейін ай сайын табыстың барлық түрлерінің 2/1 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.
«Алайда сотталушы алиментті төлеуден жалтарып, берешекті өтеу шараларын қолдану үшін жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа мұқтаж адам ретінде жүгінбеген және жұмыссыз ретінде тіркелмеген. Сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, ол өз міндеттемелерін орындамай, балаларды асырауға алимент төлеуден жалтаруды жалғастырған. Қазіргі таңда алимент бойынша оның берешегі 5 млн 97,236 мың теңге болды. Сот үкімімен С. ҚР ҚК 139-бабына сәйкес айыпты деп танылды. Кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінгені, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілді. С-ға жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда белгілі бір шектеулер белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», – деп хабарлады ведомстводан.