Елімізде жүргізуші куәлігін алуға «көмектесетін» алаяқтар көбейген

Олардың қылмыстық схемасы белгілі болды.

Egov.kz

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін алуға «көмектесетін» алаяқтар туралы ескертті.

«Әлеуметтік желілерде белгілі бір сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсететіндер туралы ақпарат тарап жатыр. Осындай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Алаяқтардың алдын ала төлемді сұрап алып, артынан ізін суытатынын да атап кеткен жөн. Осыған байланысты ІІМ азаматтарды мұқият болуға және күмәнді келісімдерден аулақ болуға шақырады. Мұндай тәсілмен жүргізуші куәлігін алу мүмкін емес» – деп мәлімдеді ведомство.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқудан өтіп, қажетті санат бойынша курсты аяқтағаны туралы куәлік алу қажет. Кейін сол санат бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру үшін арнайы ХҚКО-ға жүгіну керек. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжаттарды, автомектепте оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлікті, медициналық анықтаманы, жүргізуші куәлігін дайындау үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсыну қажет. Емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда азаматқа көлік басқаруға арналған жүргізуші куәлігі беріледі. Бұл – міндетті рәсімдер.

«Күдікті ұсыныстар анықталған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет», – деп түйіндеді министрлік.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-22
Утром11.18 ℃
Днем18.32 ℃
Вечером20.06 ℃
Ночью15.29 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.04 м/с
2025-05-23
Утром12.17 ℃
Днем19.01 ℃
Вечером19.33 ℃
Ночью13.61 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.68 м/с