Миржан Сатқанов Орал әкімі қызметінен кетті
Бүгін ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Ол өзінің қызметінен кетуін денсаулығының нашарлығымен түсіндірді.

Ол жылдың басында инсульт алған ьолатын.
47 жастағы Миржан Сатқанов 2022 жылдың сәуір айынан бастап екі жылдан астам уақыт Орал әкімдігін басқарды.
Сәуір айының соңында Сатқанов ауруханада болды.
«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша, өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс ісдедік деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге 2 жыл бойы сүйікті қаламызды одан ары көркейтуге тырыстық.
«Мен әкім лауазымынан жаңа қала басшысы ағымдағы істерді жедел түсінетініне, ал болашақта Орал үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сеніммен кетемін«, – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Осы уақытта оның міндеттерін ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында осы лауазымға тағайындалған қала әкімінің орынбасары 31 жастағы Азамат Халелов атқарды.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: «Жалғыздың үні шықпас» — Орал әкімі Миржан Сатқанов (видео-сұхбат)