БҚО-да ауылдарға газ жеткізетін 132 шақырым газ тасымалдау желілерінің иесіз екені анықталды.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар прокурорлардың шаралары бойынша газ құбырын сот арқылы мемлекет меншігіне алынды.

Батыс Қазақстан облысында ауылдарға газ жеткізетін 132 шақырым газ тасымалдау желілері анықталды, деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
«БҚО Қаратөбе ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде ауылдық жерлерге табиғи газ жеткізетін 132 шақырым газ тасымалдау желілері иесіз екендігі анықталды», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Атап өтілгендей, пайдалану ережелері мен сақтық шараларын мұқият сақтауды талап ететін иесіз мүлікке уақтылы техникалық қызмет көрсету шараларын қолданбау газдың үздіксіз берілуіне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен экологияның қауіпсіздігіне қауіп төндірді.
«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар прокурорлардың шаралары бойынша сот арқылы мемлекеттік меншікке газ құбырын қабылдады. Газ құбырын мемлекеттік меншікке қабылдау болашақта қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету және газ құбырлары мен басқа да газ тарату желілерінің бүлінуіне жол бермеу бойынша тиісті шараларды іске асыруға мүмкіндік береді», — деп толықтырды қадағалау органында.