БҚО-да ауыл тұрғындарының өнімін мұнайшылар сатып алмақ

Орталық операторы «Ақ Жайық» ӘКК болады.

премьер-министрдің ресми сайты

Мұнайшылар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының өнімін сатып алатын болады, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімдігі мен Karachaganak Petroleum Operating консорциумы арасында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау туралы меморандумға қол қойылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға ғана емес, сонымен қатар өнімді өткізу нарығын кеңейту үшін жағдай жасауға және тиісінше оған қатысушылардың табысын арттыруға ықпал етеді. Біздің елімізде көптеген ірі кәсіпорындар жұмыс істейді және олардың барлығында сапалы өнімдерге сұраныс бар. Бұл тәжірибе басқа компаниялар үшін де үлгі болатынына сенімдімін», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

премьер-министрдің ресми сайты

Екі тарап келісімнің өзара тиімділігіне тоқталды.

«Бүгінгі меморандум «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар үшін үлкен көмек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде ірі әрі ең бастысы, тұрақты тұтынушы пайда болды», — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Консорциум басшылығы осы бағыттағы тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

«Экологиялық таза әрі сапалы азық-түлік өнімдерін сатып алу кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізетініне сенімдімін. Біздің кеңселеріміз бен зауыттарымыз Батыс Қазақстан облысында орналасқандықтан, бізге жергілікті өнімдерді сатып алу ыңғайлы», — деді Karachaganak Petroleum Operating компаниясы бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев.

Келіссөздер барысында логистика мәселелері талқыланды. БҚО елді мекендерінің қашық орналасуы тауардың түпкілікті құнына әсер ететіні айтылды. Мәселені шешу үшін орталық оператор ретінде «Ақ Жайық» ӘКК-ні қосу туралы шешім қабылданды. Отандық өндірушілерге өнімді тасымалдау кезінде қолдау көрсетіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-24
Утром-2.17 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью2.49 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.52 м/с
2025-03-25
Утром0.09 ℃
Днем8.76 ℃
Вечером9.7 ℃
Ночью5.6 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.29 м/с