Казақстандықтар дәрігердің қабылдауында болғанын мобильді қосымша арқылы растайтын болады


Көрсетілмеген қызметтерді қосып жазу көбейген.

Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы уақытта қазақстандықтардың мобильді қосымшаларында көрсетілмеген медициналық қызметтерді қосып жазу жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Аталған жағдай экономикалық залалдан бөлек, қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сеніміне нұқсан келтіреді. Қолданыстағы бақылау мен мониторинг жүйелері мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жеткіліксіз болып отыр.

Осыған байланысты министрлік медициналық қызметтерді қосып жазудың алдын алуға бағытталған жаңа тетіктерді әзірлеп бастады. Олар:

  • Пациенттің мобилдік қосымшасы арқылы медициналық көмекке баруды және қабылдауды растау.
  • FaceID технологиясын қолдана отырып пациентті анықтау.
  • QR-кодын немесе пациенттің бірегей цифрлық құжат кодын сканерлеу.

Жұмыс тобы бақылауды күшейту үшін қосымша шараларды енгізуді де қарастырады. Жақын арада олардың тиімділігін және елдің медициналық мекемелерінде практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау үшін ұсынылған тетіктерді бағалау жүргізіледі, – делінген министрлік хабарламасында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-24
Утром-2.17 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью2.49 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.52 м/с
2025-03-25
Утром0.09 ℃
Днем8.76 ℃
Вечером9.7 ℃
Ночью5.6 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.29 м/с