Нұрлан Смағұлов қоры Орал қаласында 120 пәтердің кілтін табыстады

22 және 23 шілде Оралда қоныстану күндері болды. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

Қоныс той иелеріне арналған пәтерлерді Нұрлан Смағұлов қоры сатып алды – меценат Орал қаласына көмектесу үшін 5,6 млрд теңге бөлді. Бұл қаражатқа қаладағы жаңа салынған үйлерден 264 пәтер сатып алынды. Сатып алынған шаршы метрлердің бір бөлігі әлі ішкі әрлеу сатысында, алайда олар дайын болған кезде алапат судан зардап шеккен отбасыларға қаланың жаңа салынған үйлерінде орналасқан пәтерлердің кілттері табысталады. Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Нұрлан Смағұлов қоры жүзеге асырған алғашқы қоныс тойлар 6 және 26 маусымда өтіп, Орал қаласының тұрғындарына 21 пәтер кілті табысталды, ал 22 және 23 шілдеде 120 отбасы кілттерін алды.

Нұрлан Смағұлов қорының директоры Айдын Сұлтанов: «Біз көмектесуге бірден шешім қабылдап, қаражатты қайда бағыттаған дұрыс деп ойландық… Мұндай жағдайдағы басты міндет – адамдарға ертеңге күнге деген сенімділік, қауіпсіздік сезімін қайтару маңызды. Біз барлық 264 пәтердің дайын болуын күтпей, дайын болысымен кілттерді табыстап жатырмыз. Қазір кестемен келе жатырмыз, құрылыс салушылар қалған 123 пәтерді уақытында дайындап беруге уәде беріп отыр, оларды екі кезеңмен шілде айынының соңында және тамыз айының алғашқы он күнінде табыстауды жоспарлап отырмыз».

Нұрлан Смағұлов компаниялары отандастарының қайғысына алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. «Астана Моторс» зардап шеккендерге көмек қорына 500 млн теңге аударды, «Астана Моторс» құрамына кіретін Chery бренді Қытайдағы Chery International компаниясымен бірге Солтүстік Қазақстан облысына баламасы 50 млн теңгені құрайтын гуманитарлық көмек жіберді. MEGA СОО желісінің, «Астана Моторс» және Mycar қызметкерлері өздері бастама көтеріп, 10,4 млн теңгеден астам қаражат жинап, оны Ақмола облысының Атбасар аударының тұрғындарына гуманитарлық көмек түрінде жіберді. Компаниялар тобы және қызметкерлер атынан көрсетілген көмектің жалпы көлемі 6, 1 млрд теңгені құрады.

жарнама құқығында

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером11.12 ℃
Ночью6.59 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.08 м/с
2025-03-29
Утром2.88 ℃
Днем10.58 ℃
Вечером12.32 ℃
Ночью8.8 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.12 м/с