Орал қаласында жол апатынан екі адам көз жұмды

Орал қаласында 2 автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға қалаға қарасты Деркөл кентінде болды.

«18 шілде күні шамамен сағат 14.00-де 65 жастағы жүргізуші Subaru Legacy автокөлігімен Бәйтерек ауданы Белес ауылы жақтан басты жолда келе жатып, 34 жастағы жүргізуші айдаған ВАЗ-2111 автокөлігімен түйіскен. ВАЗ-2111 автокөлігінде бес адам болған. Соның ішінде екі жолаушы көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 1972 және 1987 жылғы ер адамдар жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген 1988 жылғы ер адам политравма бөлімшесінде ем алуда.

1988 жылғы ер адам облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Екеуінің де жағдайы ауыр. 1985 жылғы ер адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, амбулаториялық ем тағайындалды.

БҚО прокурорының аға көмекшісі Динара Нұрсұлтанованың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 499 жол-көлік оқиғасы (өткен жылы осы мерзімде – 209) тіркеліп, соның салдарынан 53 адам (47) мерт болған, 692-сі (254) жарақат алды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жол апаты 138 пайызға көбейген. 

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі (416) Орал қаласында тіркеліп отыр.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.99 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с