БҚО Жол активтерінің сапасы орталығы филиалының басшылығы өзгерді
Батыс Қазақстанда осы лауазымды атқарған Абылайхан Алшынбаев Қостанай филиалына директор лауазымына ауыстырылды.

Рафис Радикұлы Зинетов «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Солтүстік-Батыс филиалының директоры болып тағайындалды.
Зинетов-Ақтөбе кооператив колледжінің және Қазақ автомобиль-жол институтының түлегі. Автомобиль жолдары саласындағы жұмыс тәжірибесі-13 жыл.
2023 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін Қостанай облысындағы филиалдың директоры қызметін атқарған.
Батыс Қазақстанда осы лауазымды атқарған Абылайхан Алшынбаев Қостанай филиалына директор лауазымына ауыстырылды.
