БҚО-да жазатайым зардап шеккен балалар көбейген

Жаз басталғалы Батыс Қазақстан облысында 5 бала суға кетсе, 17 өрен жол апатынан зардап шеккен. Бүлдіршіндердің жоғары қабаттан құлау дерегі жиілеп тұр. Абайсызда ауруханаға түскендердің саны мыңға жақындаған.

Жауапты органдардың жұмысын пысықтаған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жазатайым жағдайға жол бермеуді тапсырды. Бұған ережені ескермейтін мопед-скутерлер де себеп. Бүгінде Оралдың өзінде осындай техника 300-ден асқан. Бірақ оны жалға берушілер қауіпсіздікті ескермейді. Полиция мопед мінген 200 адамды жауапқа тартса да, мектептегі қауіпсіздік ақсап тұрғанын жасырмайды.

АРМАН ОРАЗАЛИЕВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бейнекамералар 360 мектепте 76 ғана орнатылған. 76 мектеп 20 пайыз жалпы. Ал қалада 60 мектепте 36 ғана. Ол – 60 пайыз. Мемлекеттік сатып алу процедурасын қате өткізуге байланысты 26 орта білім беру мектептерінің бейнекамералары жедел басқару орталығына қосудан айырған.

Өңірдегі өзен-көлдер де шомылуға лайықталмаған. Бұл аздай көктемгі тасқыннан кейін олардың айналасы түрлі қоқысқа толды. Бірақ жабайы жағажайды жағалайтындар бұл қауіпті елемейді. Құр ескертуден ештеме шықпасын түсінген құтқарушылар қазір су түбін тазалауға кіріскен.

Оралбек ҚҰМАРҒАЛИЕВ, ҚҰТҚАРУШЫ:

Су түбін зерттеу, тазалау жұмыстары кезінде су тасқынының салдарынан қалған қоқыстар, темір-терсек, бөтелкелердің табылуы көптеп болып жатыр. Осы орайда тек белгіленген жерде суға түсуге қала тұрғындары мен қонақтарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды шақырамыз.

Аймақ басшысы қауіпсіздікке жауапты құзырлы органдардың жұмысын өзара үйлестіруді тапсырды.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БҚО ӘКІМІ:

Құзырлы мемлекеттік мекемелер балаларды қауіптен барынша қорғауы тиіс. Ата-аналар да шетте қалмауы керек. Полиция және Төтенше жағдайлар департаментіне әрбір факті бойынша тергеу жүргізуді тапсырамын. Нәтижелер бойынша маған қорытындысын жеке баяндаңыздар және сол қорытындыға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын.

Өңір басшысы қайғылы жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жандандырудың маңызына тоқталды.

astanatv.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-16
Утром22.49 ℃
Днем31.74 ℃
Вечером31.92 ℃
Ночью26.51 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.73 м/с
2025-07-17
Утром19.12 ℃
Днем27.52 ℃
Вечером29.53 ℃
Ночью21.51 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.13 м/с