Тыйым күшінде: Қазақстан малды сатпайды, бидайды кіргізбейді

 Елге бидайды «көлеңкелі схема» арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. 

7-su.kz

Қазақстан асыл тұқымды ірі қара және ұсақ мал басын әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің хабарламасы

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясының (ВАК) отырысы өткен. Талқылау нәтижесінде Қазақстан аумағынан ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салуды 6 ай мерзімге ұзарту туралы шешім қабылданған.

Тыйым не үшін енгізілді

Бұл тыйым Қазақстанда осы жылдың 8 қаңтарында енгізілді. Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту туралы шешім қабылданған.

Бидай бойынша шектеу

Сонымен қатар көліктің барлық түрімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл соңына дейін ұзартылды. Елге бидайды «көлеңкелі схема» арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.

Сондай-ақ ВАК отырысында отандық шырындар мен сусындар өндірушілерін қолдау мақсатында өрік, алмұрт және шабдалы пюресін әкелуге арналған кедендік баж салығы мөлшерлемесін төмендету мақұлданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-10.01 ℃
Ночью-9.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-9.05 ℃
Днем-8.12 ℃
Вечером-9.07 ℃
Ночью-10.24 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.94 м/с