Оралда мопед пен самокат жүргізушілеріне қатысты құқықбұзушылық фактілері мен жол-кө­лік оқиғалары көбейген

Жыл өткен сайын ­елім­із­де те­мір тұлпарлардың саны артпаса кеміген емес. Олардың арасында техниканың қарыштап дамуының нәтижесінде қатарға жаңадан қос­ылған скутер, мопед, электро­самокат сияқты көлік түр­лері тағы бар.

БҚО полиция департаментінің 25 шілдедегі мәліметі бойынша облыста электрлі скутер және мопедтердің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, 64 адам дене жарақатын алған.

Күні кеше Орал қаласында Мұхит пен А.Карев көшелелерінің қиылысында скутер жедел жәрдем көлігіне соғылып, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 шілде күні кешкісін болған.

«Жүргізуші маркасы анықталмаған, мемлекеттік нөмірі жоқ скутермен келе жатып, Hyundai жедел жәрдем көлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан скутер жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, шақырту сағат 19.35-те түскен. Оқиға орнынан 2005, 1995 және 2001 жылғы жігіттер жедел жәрдем бригадасымен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 2005 жылғы жігіт аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды. 1995 жылғы ер адамға амбулаториялық ем тағайындалып, үйіне жіберілді. 2001 жылғы жігіт ауруханаға жатудан бас тартты, ол да амбулаторлық ем алатын болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром23.68 ℃
Днем33.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с