Оралда кәсіпкерді өлтірген тұрғындар 10 жылға сотталды
Сондай-ақ сотқа берілген құжаттарға сәкес жәбірленушілердің материалдық және моралдық залалды өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, сот үкімімен аталған екі сотталушы ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру) сәйкес айыпты деп танылып, әрқайсысына 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу жазасы кесілді. Сондай-ақ сотқа берілген құжаттарға сәкес жәбірленушілердің материалдық және моралдық залалды өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды.
Сот талқысында мәлім болғанындай, өткен жылы 11 қарашада шамамен сағат 04.00-де сотталушылар мас күйінде сауна аумағында бұрын таныс емес «Car City» иесі, кәсіпкер Сергей Губерді көрген.
Саунадан шыққан С.Губер автокөлік нөмірін өзінің ұялы телефонына түсіре бастаған. Кейін аталған екеу фотоны жойып жіберуді өтінгенде, ол бас тартқан. Содан сөзге келіп, сотталушылар жәбірленушіге дене жарақаттарын салған. Салдарынан С.Губер есін жимастан ауруханада көз жұмған.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралда белгілі кәсіпкер кісі қолынан қаза тапты
