БҚО-да 39 су қоймасының 15-і қанағаттанарлықсыз жағдайда
Биыл аяқталуы жоспарланған жобаға 1 млрд 252 млн теңге бөлінген.

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Молдашевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, 2021 жылдан бері жобалық құны 2,6 млрд теңгені құрайтын Киров су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

Облыс аумағында 39 су қоймасынан, 6 тоғаннан, 1 бөгеттен және 4 су торабынан тұратын 50 гидротехникалық құрылым бар. 39 су қоймасының 15-і қанағаттанарлықсыз жағдайда.
2021 жылдан бастап жинақтау көлемі 63 млн текше метр Киров су қоймасын реконструкциялау жалғасуда. Жобаның құны-2,6 млрд теңге. Сондай-ақ, көлемі 28 млн текше метр болатын Казталов ауданында Жалпақтал су қоймасы құрылысының ЖСҚ әзірленуде.
Басқа су объектілеріне қатысты спикер қазіргі уақытта Шаған өзені мен Көшім каналын механикаландырылған тазарту жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жұмыс құны-2,6 млрд теңге. 2023 жылы 473 млн теңге игерілді, 2024 жылға 1 млрд теңге бөлінген.
«Биыл 28 млн текше метр су жинауға мүмкіндік беретін Жалпақтал су қоймасының құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Облыс аумағында 39 су қоймасы, 6 тоған, 1 бөгет, 4 су торабынан тұратын 50 гидротехникалық құрылыс есепке алынған, оның ішінде республикалық меншікте – 19, коммуналдық – 28, жеке меншіктегісі – 3», дейді М.Молдашев.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының иесі немесе пайдаланушы тұлға 25 жылдан артық пайдалануда болған су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын, олардың жай-күйіне қарамастан, жыл сайын көп факторлы тексеруден өткізеді. Ал 25 жылға дейін пайдалануда болған су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын 5 жылда бір рет көп факторлы тексеруден өткізуге міндетті.
