Оралда жоғалып кеткен студент жігіт өлі табылды
Із-түзсіз жоғалып кеткен 2003 жылғы жігітті өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғынын ұсталды.

ҚазИИТУ-дың 4 курс студенті бірнеше күннен іздестірілуде болатын. 29 шілдеде кешке ол БҚО ауылдарының бірінде өлі күйінде табылды.
Алдын ала нұсқа бойынша, жас жігіт 19 жастағы досымен кездескен, содан кейін олардың арасында жанжал туындаған. Жас жігіт студентке пышақпен шабуылдап, оған пышақ жұмсаған. Осыдан кейін ол мәйітті үйінің жанындағы сарайға апарып, сол жерге көміп тастаған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен 2003 жылғы жігітті өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғынын ұстады.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
