«Ақжайық» футбол клубының экс-директоры ұсталды – Антикор
Ол 57 миллион теңгені қолды еткен деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық ФК» ЖШС экс-директорының құрықталғанын растады.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу жалғасып жатыр, деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Антикордың хабарлауынша, Азамат Шайқы 2021-2022 жылдары 57 млн теңгені ұрлап кеткен. Бұл қаражатты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы Азамат Шайқы бақылауындағы «Ақжайық» ФК» ЖШС-не балаларды оқыту қызметтеріне ақы төлеу түрінде аударып жіберген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», — деп хабарлады агенттік.
«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.
Шайқы 2022 жылдың маусым айының соңында «Ақжайық» ФК директоры қызметінен кеткен. 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың шілдесіне дейін «Ақтөбе»ФК басқарма төрағасы қызметін атқарған.
