БҚО-да 95 стихиялық қоқыс орны анықталған

Өткен жылы 101,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге шарт жасалды.

Батыс Қазақстан облысында биыл ғарыштан мониторингілеу нәтижесінде 95 стихиялық қоқыс орны анықталды.

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Молдашевтің мәлім еткеніндей, соның 35-і жойылған, бір орын расталмаған.

Оның сөзіне қарағанда, стихиялық қоқыс орындарын жою көрсеткіші 37 пайыз болып отыр. Бұл жұмыс жалғасуда.

«Батыс Қазақстан облысында 147 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны болса, соның 8-іне ғана санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкес рұқсат құжаттары ресімделген. Бұл – 5,4 пайыз. Полигондардың 145-і ауылдық округтер орталықтарында, екеуі Орал және Ақсай қалаларында орналасқан», — дейді М.Молдашев.

Басқарма басшысының айтуынша, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестендіру үшін жаңа полигондар салу қажет. Осы бағытта Орал қаласы әкімдігі жаңа полигон салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме дайындап, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Өткен жылы 101,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге шарт жасалды, ол биылғы қыркүйек айында дайын болады. Ақсай қаласында да осындай полигон салу көзделуде.

«Орал қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын рекультивациялауға жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жұмыс құны – 12 млрд теңге. Сондай-ақ қазіргі уақытта Казталов ауданының Казталов және Жалпақтал ауылдарында полигон салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізілуде», — деді М.Молдашев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-22
Утром-14.9 ℃
Днем-8.59 ℃
Вечером-10.41 ℃
Ночью-12.82 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.49 м/с
2026-01-23
Утром-13.34 ℃
Днем-11.35 ℃
Вечером-14.69 ℃
Ночью-18.95 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.79 м/с