Батыс Қазақстан облысында 245 мұғалім жетіспейді

 Батыс Қазақстан облысында 15 158 педагог қызмет атқарады.

Ашық дереккөзден

БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің мәлім еткеніндей, соның ішінде 12 828-інің жоғары, 1 682-сінің орта кәсіптік білімі бар, 648-і – магистр.

Оның сөзіне қарағанда, 10 566 педагог жаңа формат бойынша санатқа қол жеткізген.

«Батыс Қазақстан облысында 245 педагог жетіспейді, соның ішінде қазақ мектебінде орыс тілі мен әдебиеті, математика, бастауыш сынып және орыс тілі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-психолог, логопед, дефектологтар керек. Қажеттілік жас мамандарды тартумен және жүктемені ұлғайту арқылы жабылады деп жоспарлануда», дейді Е.Сафуллин.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірдің жоғары білімді кадрларға қажеттілігін ескере отырып, жергілікті қаражат есебінен білім беру гранттары тағайындалады. Биыл 94 білім гранты (2023 жылы – 86) бөлінсе, соның 15-і (өткен жылы – 22) педагогикалық мамандықтарға берілді.

«Сонымен қатар облыста білім беру ұйымдарында 71 басшының (балабақша – 32, мектеп – 25, қосымша білім беру – 14) орны бос тұр. «1000 басшы» жобасымен 24 адам кадрлық резервте қойылса, қазіргі таңда соның 9-ы жұмысқа кірісті. Бесеуі тағайындалады. 10-ы бас тартты», дейді Е.Сафуллин.

Басқарма мәліметі бойынша алдағы оқу жылында жалпы білім беретін 374 мектеп жұмыс жасап, оларда 125 мыңнан астам оқушы білім алады деп көзделуде. Биыл 1-сыныпқа 10 054 оқушы қабылданса, соның 7 523-і немесе 74,8 пайызы қазақ, 2 531-і (25,2 пайызы) орыс тілінде дәріс алмақ. Білім алушылар санының азаюына байланысты 35 мектепте оқушылар санын бекітілген нормативке сәйкестендіру қажет.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-11
Утром-7.28 ℃
Днем-6.45 ℃
Вечером-4.84 ℃
Ночью-5.26 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра5.8 м/с
2025-12-12
Утром-3.07 ℃
Днем-1.22 ℃
Вечером0.33 ℃
Ночью-0.21 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.52 м/с