БҚО-да соңғы үш жылда балалардың терезеден құлауының 24 оқиғасы тіркелген

Төтенше жағдайлар министрлігі қанша ескертсе де, мұндай жазатайым оқиғалардың саны азаяр емес. Сарапшылар баласының өміріне бей-жай қарап, салғырттық танытқандарға жауапкершілікті күшейту керектігін айтты.

Ашық дереккөзден

БҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұралы Мүсиевтің айтуынша, жыл сайын көпқабатты үйлердің терезелерінен құлаған балалар саны артып келеді. Бұл балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі.

— Әдетте, құлаудың барлық жағдайларында балалар жиһаз заттарын жоғарыға шығу үшін пайдаланды, терезенің алдына шығып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлайды. Соңғы үш жылда облыс аумағында балалардың ашық терезеден құлауымен 24 жазатайым оқиға тіркелді. Оның ішінде: 2022 жылы — 8, 2023 жылы — 7, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 9 жағдай тіркелді, олардың біреуінде бала қайтыс болды, – деп түсіндірді Мусиев.

Ол балалардың терезеден құлап кетуінің негізгі себептері ересектердің балаларды бақылауының жеткіліксіздігі, терезелерде блокаторлар немесе терезе тұтқалары-құлыптардың болмауы, жиһаздың дұрыс орналаспауы, балалардың терезелерге өздігінен көтерілуіне мүмкіндік беру, жабық терезенің елесін тудыратын москит торларының болуы екенін атап өтті.

– Әлеуметтік осал отбасылардың үйлерінде 50-ге жуық терезе блокаторлары орнатылды. Қазіргі уақытта әкімдіктер демеушілердің қолдауымен осы құлыптарды орнату мәселесін қарастыруда. Қазіргі уақытта құрылыс саласындағы мемлекеттік органдармен бірлесіп салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің міндетті терезе блоктарының болуына тексеру жүргізілуде, — деді басқарма бастығы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Батыс Қазақстан облысында 9 бала терезеден құлап кеткен

БҚО-да жыл басынан бері алты бала ашық терезеден құлап кеткен

Оралда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-17
Утром10.13 ℃
Днем20.35 ℃
Вечером19.44 ℃
Ночью12.97 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра6.67 м/с
2024-09-18
Утром8.28 ℃
Днем19.17 ℃
Вечером19.21 ℃
Ночью12.75 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.64 м/с