Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды

Ақпаратқа сәйкес жол жүру ақысы 20 пайызға көтерілмек. Министрліктің хабарлауынша кейбір бағыттар бойынша тариф көтерілетін болады.

kursiv.media

Желіде елімізде 2024 жылдың 1 қазанынан бастап пойыз билеті қымбаттайтынын туралы ақпарат тарады. Көлік министрлігі ақпаратты түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес жол жүру ақысы 20 пайызға көтерілмек. Министрліктің хабарлауынша кейбір бағыттар бойынша тариф көтерілетін болады.

«Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты бар. Оның 62-сінде траиф көтеріледі. Бұл өзгерістер көлік паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет. Ескере кететін нәрсе соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасы көтерілген жоқ (инфляция деңгейіне индексациялауды қоспағанда)», – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік жолаушылар вагондарының паркі 2667 бірлікті құрайтынын, оның 44 пайызы тозғанын нақтылады.

«Автопаркті жаңартуды жеке тасымалдаушылар да, ұлттық тасымалдаушылар да жүзеге асырып жатыр. Осылайша, 2023 жылы 118 бірлік, 2024 жылы – 140 бірлік вагон сатып алынса, 2025 жылдан бастап жыл сайын 200 бірліктен астам вагон сатып алу жоспарлануда. Ал 2030 жылға қарай сатып алу 1200 бірлікті құрайды, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасын (тарифін) көтеру «Темір жол көлігі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады”, – делінген ақпаратта.

Автопаркті жаңарту жұмыстарына байланысты пойыз билеттерінің бағасы 2024 жылдың 1 қазанынан бастап көтеріледі деп жоспарлануда.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с