Қазақстанда шағын несие беру ережесі өзгереді

Жеке тұлғамен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде, күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге жасалған микрокредит беру туралы шарттың жалпы талаптары қамтылады.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда шағын несиелер беру туралы келісімдерді жасасу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қаулы жобасын бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялаған.

«Жеке тұлғамен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде, күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге жасалған микрокредит беру туралы шарттың жалпы талаптары қамтылады», – делінген құжатта.

Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 17-тармағының 3-тармақшасын іске асыру шеңберінде жасалғаны да жазылған.

Құжат жобасына сәйкес мынадай талаптар қамтылады:

микрокредит сомасын қайтару және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайды;

микрокредиттің мәнін қоспағанда, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен айыпақы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемдері жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың бүкіл қолданыс кезеңі үшін берілген микрокредит сомасының жартысынан аспайды;

тараптардың келісімі бойынша микрокредит беру туралы шарттың қолданыс мерзімін күніне 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан аспайтын шарт бойынша сыйақыны көздейтін жақсартатын талаптарда күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге екі реттен астам емес ұлғайтуға болады.

Қаулы жобасы 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Сондай-ақ 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қаулы қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с