БҚО-да тұрғындардың 100 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Алаяқтық фактісі негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Орал қаласында алаяқтықпен айналысқан 42 жастағы тұрғын ұсталды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш алаяқ өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген.

«Атап айтқанда, Жаңақала ауданының тұрғыны алаяққа 30 млн теңгесін аударып жіберген. Ал Орал қаласының тұрғыны үйді ресімдеу үшін 27,8 млн теңгесін берген. Облыс тұрғындарына келтірілген жалпы залал көлемі 100 млн теңгеден асады. Алаяқтық деректері негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті қырағы болу, бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеу керектігін еске салады», – деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-28
Утром2.99 ℃
Днем6.01 ℃
Вечером5.7 ℃
Ночью2.84 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра10.38 м/с
2025-04-29
Утром1.18 ℃
Днем9.77 ℃
Вечером11.62 ℃
Ночью7.23 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.57 м/с