БҚО-ның үш мыңнан астам түлектері білім беру гранттарының иегерлері атанды
Биылғы оқу жылында барлығы алты мыңнан астам түлек бар.

БҚО білім басқармасының хабарлауынша, облыста биылғы оқу жылында 6 409 түлек бар. Оның 5 316-сы ҰБТ-ға (ұлттық бірыңғай тестілеу) қатысты, 3 189 түлек ҚР ЖОО гранттарының иегерлері атанды, яғни грантты 60% жеңіп алды.
Облыстың 13 мектебінің түлектері 100% грант жеңіп алды, басқаша айтқанда, барлық түлектер тегін оқиды.