Бензиннің бағасы тағы қымбаттай ма?

Қолда бар мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері елімізде авиацияға арналған жанар-жағармайды қосқанда 2,6 мың тонна отын өндірілген.

Еліміздегі жанар-жағармайдың бағасы ТМД бойынша ең арзан деген мәлімет шықты. Ал дүниежүзі бойынша біздегі бензиннің бағасы аса қымбат емес екен. Бұл туралы шетелдік БАҚ ақпаратына сүйенген Ulysmedia.kz хабарлады.

БИЫЛ 2,6 МЫҢ ТОННА ОТЫН ӨНДІРІЛГЕН

Қолда бар мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері елімізде авиацияға арналған жанар-жағармайды қосқанда 2,6 мың тонна отын өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға аз өндірілген.

Өңірлерде Шымкент қаласында 919,5 тонна отын өндірілсе, Павлодар облысында 818,5 тонна, Атырау облысында 792,1 тонна отын жанармайға айналған.

Биыл 5,1 тонна авиациялық жанар-жағармай өндірілсе, моторлы жанар-жағармайдың көлемі 2,6 мың тоннаға жетті. Оның ішінде АИ-92 маркалы бензин 2,1 мың тонна, АИ-95 — 442,4 тонна, АИ-98 — 14,9 тонна болды.

МАУСЫМ АЙЫНДА БАҒА ӨСТІ

Атап өтетін бәр нәрсе, бензиннің бағасы биылғы маусым айында 2 пайызға өсті. Мысалы, АИ-98 19,2%-ға, АИ-95/96 — 13,6%-ға, АИ-92 маркалы жанар-жағармайдың бағасы 0,1%-ға көтерілді.

Маусымда  АИ-92 бензинінің бір литрі  202 теңге, АИ-95/96 — 253 теңге, АИ-98 — 292 теңге болды.

Енді өңірдегі бензинің бағасын салыстырып көрсек, биыл Алматы қаласында баға тез өсті. Бұл қалада жанар-жағармай бір жылда 4,1%-ға шарықтады. Батыс Қазақстанда да жағдай осылай. БҚО-да бензиннің бағасы 3,5%-ға, Атырау облысында 3,2%-ға көтерілсе, Қарағанды облысында 3,2%-ға қымбаттады. Жамбыл облысында керісінше, баға небәрі 0,2%-ға өскен. Сол сияқты Қызылорда өңірінде 0,1%-ға, Шымкент қаласында 0,3%-ға көтерілген.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АРЗАН ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БІЗДІҢ ЕЛДЕ

Numbeo агенттігінің хабарлауынша, 1 тамызда елімізде бензиннің бағасы 0,49 АҚШ доллары болған. Осылайша еліміз әлемдегі жанар-жағармайдың бағасы ең арзан 95 елдің ішінде алтыншы орынға шыққан. Ал ТМД елдері арасында еліміздегі бензиннің бағасы тіптен арзан. Мысалы, Ресей мен Әзербайжанда 0,62 доллар болса,  Беларусьте 0,74 доллар. Өзбекстанда бензин біздің елден қымбаттырақ. Бұл мемлекетте жанар-жағармайдың бағасы — 1,01 доллар. Украинда 1,31 доллар болса,  Арменияда — 1,37доллар.

Әлемдегі ең арзан бензин Ливанда сатылады. Бұл елде жанар-жағармайдың бір литрі – 0,03 доллар. Египетте – 0,26 доллар, Алжирде – 0,33 доллар. Ал Гонконгте бензиннің бір литрі 3,11 долларға сатылады. Сингапурде оның бағасы – 2,14 доллар болса, Швейцарияда – 2,11 доллар.

Жақында Энергетика минстрлігі жыл соңына дейін елімізден жанар-жағармай мен дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым салуды тағы ұзартуы мүмкін екенін хабарлады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с