Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға тағы да квота енгізіледі

Квота 6 ай мерзімге енгізіледі.

Ашық лереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі тірі аталық ірі қара мал мен қой-мен ешкі экспортына тағы да квота енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай квота өткен жылы да, 23 маусымда енгізілген болатын. 

«Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 85 мың бас тірі ірі қара малды және 120 000 бас тірі қой мен ешкіні апаруға 6 ай мерзімге квота енгізілсін», – делінген бұйрықта.

Мал басы бұл мөлшерден асып кетсе, олар карантинге қойылып, құзырлы органдар малға ветеринариялық сертификат беруді бұғаттайды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республика бойынша өткен жылдың осы күнімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша мал басының саны мынаны құрады:

ірі қара мал – 8153 мың бас (2023 жылғы 6 ай – 7721 мың бас), оның ішінде: ауыл шаруашылығы құрылымдарында – 4413 мың бас (2023 жылғы 6 айда – 4081 мың бас);
қой – 21 326 мың бас (2023 жылғы 6 ай – 21 353 мың бас), оның ішінде: ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 663 мың бас (2023 жылғы 6 айда – 11 221 мың бас);
ешкі – 2 149 мың бас (2023 жылғы 6 айда – 2 495 мың бас), оның ішінде: ауыл шаруашылығы құрылымдарында – 779 мың бас (2023 жылғы 6 айда – 903 мың бас).

Еске салайық, Ауыл шаруашылығы министрлігі, сондай-ақ, аналық ірі қараның (сиыр) және ұсақ малдың (қой-ешкі) экспортына 6 айға тыйым салуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-13
Утром17.96 ℃
Днем28.03 ℃
Вечером28.45 ℃
Ночью24.7 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.38 м/с
2025-06-14
Утром21.36 ℃
Днем24.29 ℃
Вечером27.45 ℃
Ночью22.44 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.79 м/с