Терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды

Олардың біреуі лаңкестермен бірге шетелде қарулы қақтығыстарға қатысқан.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстанның үш өңірінде терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен шілде-тамыз айларында Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында арнайы операция жүргізіп, 5 қазақстандықты ұстады. Олар сот санкциясымен қамауға алынды.

Ұсталғандар теракт ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде олардан қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетсек, күдіктілердің екеуі бұған дейін кісі өлтіру, тонау және бұзақылық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, қарулы қақтығыстарға қатысқан.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-18
Утром15.28 ℃
Днем22.83 ℃
Вечером22.68 ℃
Ночью18.67 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.55 м/с
2025-05-19
Утром18.22 ℃
Днем20.53 ℃
Вечером20.58 ℃
Ночью15.24 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра9.14 м/с