Қазақстандықтар зейнетақы қорынан ақшасын жаппай алып жатыр

Бірінші несие бюросының мәліметінше, шілде айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 72,1 млрд теңге алынған. 

Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан күнделікті қажеттіліктерге жұмсау үшін жаппай қаражаттарын алып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, шілде айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 72,1 млрд теңге алынған. Бұл маусым айымен салыстырғанда 81 пайызға өсіп отыр. Ал өтініштер саны 64 пайызға артып, 62,7 мыңға жетті. Негізінен қазақстандықтар зейнетақы ақшасын тұрғын үй салуға (40,5 млрд теңге) немесе емделуге (20,8 млрд теңге) төлеу үшін алған.

«Мұндай көрсеткіш маусым айының соңында басталған зейнетақы алуды қандай да бір жолмен шектеу қажеттілігі туралы пікірталас аясында тіркеліп отыр. Содан кейін Еңбек министрлігі бұл идеяны жалпы мақұлдап, қазақстандықтардың болашағына алаңдаушылық білдірді. Шілде айының басында министрлік көрсеткендей мерзімінен бұрын алуға толық тыйым салу қарастырылмады», — деп түсіндірді Бірінші несие бюросының талдау орталығы.

Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына түзетулер жобасын қоғамдық талқылауға шығарып, зейнетақы қорынан төленетін қаражатты төлеуге уақытша тыйым салуды ұсынған еді. Өйткені стоматологиялық қызмет көрсететін кейбір емханалар бұл ақшаны төлем желеуімен қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.19 ℃
Днем27.7 ℃
Вечером27.01 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.07 м/с
2026-07-13
Утром19.07 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером22.76 ℃
Ночью21.79 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.6 м/с